"Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін", – деп жазды Мемлекет басшысы твиттерде.
Президент Үкімет пен әкімдердің қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдағанын тілге тиек етіп, осы "майданда" беріспей еңбек етіп жүргендерге ризашылығын жеткізді.
"Дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдіремін",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу