Президент инвестиция тарту бойынша кешенді шара қабылдауды тапсырды

1186

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.

Президент инвестиция тарту бойынша кешенді шара қабылдауды тапсырды

Президент жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін "Green Capital Kazakhstan" ЖШС-нің жылыжай кешенін аралау кезінде жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін осындай инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына керамогранит пен керамикалық плиткалар шығаратын "Зерде-Керамика Ақтөбе" ЖШС зауытының құрылысы жөнінде мәлімет берілді. Аталған инвестициялық жобаның жалпы құны – 9,2 миллиард теңге.

Президентке Индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, өнеркәсіптің жаңғыртылуы, шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстағы ірі өндіріс нысандары, соның ішінде мұнай өндіретін "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамының және жел электр станциясының құрылысымен айналысатын "ARM WIND" ЖШС-ның жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшылығына өңірге инвестиция тарту бойынша кешенді шара қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ "халық бақылауы" жобасымен танысты. Бұл бастама аясында мүмкіндігі шектеулі жандар өндіріс орнында қауіпсіздік техникасың сақталуы мен еңбектің қорғалуын қамтамасыз етуге атсалысады. Президент жобаның әлеуметтік маңызын атап өтіп, оның іске асырылу нәтижелерін жоғары бағалады, сондай-ақ, бұл тәжірибені кеңінен қолдануды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу