Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

324

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу