Президент Іс басқармасы қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізіп жатыр

325

Жоба 2026 жылғы 4 мамырда іске қосылды.

Президент Іс басқармасы қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізіп жатыр Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бастама "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында іске асырылып, мемлекеттік мекемелерде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.Қызметкерлер үшін қағазды, пластикті және өзге де қалдықтарды сұрыптауға қолайлы жағдай жасалған. Әкімшілік ғимараттарда арнайы экобокстар орнатылып, қайта өңдеу үшін жиналған шикізат арнайы кәсіпорындарға жіберіледі. 

Бұл материалдарды қайта айналымға енгізуге және полигондарға жөнелтілетін қалдықтар көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу