Президент ішкі істер министрін қабылдады

612

Президент ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сыртқы істер министрі президентке қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ түзеу мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қалмұханбет Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірдің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылды жүзеге асыруды тапсырды.

Кездесу қорытындысында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу