Президент ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне қатысады

630

ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстанның бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйек айында елордада өткен болатын.

Президент ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне қатысады

"Бүгін, 16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады. "Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу" атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді. Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ",– деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желі арқылы.

Іс-шара Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. Саммиттің тікелей көрсетілімін youtube.com сілтемесі арқылы өтіп, көруге болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу