Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диқаншыларды құттықтады

676

Елімізде күзгі жиын-терім науқанының аяқталуына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диқаншыларды құттықтап, оларға денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диқаншыларды құттықтады Фото: ulyorda.kz

Президенттің құттықтау хатында: "Диқандардың жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агро өнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды", – делінген.

Елімізде 2019 жылдан бері 16 қазан Қазақстанда "Нан күні" мерекесі ретінде аталып өтеді.

Биыл диқандар жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Жоспар бойынша 19,5 млн тонна астық алу межеленсе, қазірдің өзінде бастырылған өнім көлемі 21 млн тоннадан асты.

Сонымен қатар 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналды.

Осылайша, қазақстандық фермерлер астықпен отандық нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, өнімді шетелге экспорттауға мүмкіндік алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу