"Бүгін Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтарымызды елге жеткізу үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Жалпы Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінің, елшіліктер қызметкерлерінің және Қазақстанның Украина мен Польшадағы құрметті консулдарының түрлі қиындықтарға қарамай, атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалайды", – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Берік Уәли.
Айтуынша, қазіргі уақытта ҚР Үкіметі Катовице (Польша) – Атырау – Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтаған. Қазақстан азаматтарын елге жеткізетін бірінші рейс бүгінге жоспарланған.
"Азаматтарымызды Украинадан алып келуге қатысты мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында", – делінген хабарламада.