Президент Қайрат Мәмиді қабылдады

823

2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы аталып өтіледі.  

Президент Қайрат Мәмиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қайрат Мәми Мемлекет басшысын жүргізілген конституциялық реформаның қорытындыларын ескере отырып, Негізгі заңның әлеуетін іске асыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу