Президент Қайырбек Өскенбаевқа құрылыс саласын монополиядан тазартуды тапсырды

1206

Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Президент Қайырбек Өскенбаевқа құрылыс саласын монополиядан тазартуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы атқаратын негізгі міндеттері жайында баяндалды.

Қайырбек Өскенбаев Президентке отандық өңдеу өнеркәсібін дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты. Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтитын жаңа өндіріс орындарын ашудың маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің инфрақұрылымдарын теңдей қолжетімді қылу және отандық өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету үшін министрліктің атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент құрылыс саласын дамыту және оны монополиядан тазарту, инвестиция тарту, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар ашу, көлік әлеуетін күшейту, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін арттыру, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларын цифрландыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу