Президент қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

1758

Елдегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандар тиісті жазасын алады.

Президент қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекат басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Күні кеше ғана Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өтті. Онда құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы толық есеп берді. Турасын айтқанда, мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Лаңкестердің, бүлікшілердің, қарақшылардың кесірінен қаншама азаматымыз қайтыс болды. Мен қара жамылған отбасыларға тағы да қайғырып көңіл айтамын", – деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Ол елде мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін бәрін жасайтынын атап өтті.

"Қазақта "өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ" деген сөз бар. Біздің парызымыз қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содыр мен лаңкестерді жазаға тарту. Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек. Елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетке ешқашан жол бермеуге тиіспіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу