Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады

629

Жеңіс Қасымбек Президентке COVID-19-дың екінші толқынына дайындығы туралы есеп берді. 

Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бергі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы Жеңіс Қасымбектің есебін тыңдады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына қайта өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы өндірісіндегі оң өзгеріс, астық жинау науқаны туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымына дайындық және Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру барысы, тұрғын үй және инфрақұрылымдық құрылыс туралы ақпарат берілді.

Президентке облыстағы коронавирус індетінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, пандемияның болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жағдайы да айтылды. Жеңіс Қасымбек медициналық инфрақұрылымдар мен дәрігерлерді даярлау жұмыстары туралы айтып берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, өңірге инвестиция тарту және басқа да аймақты дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу