Президент: Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару азаймай тұр

244

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикамен күресу қажеттігін баса айтты.

Президент: Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару азаймай тұр Фото: Ақорда

Әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңге қаржыны жымқыратын алаяқтар бар.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Біз елімізді дамытуға арналған қаражатты тиімді жұмсаудың амалын іздеп қиналамыз. Бірақ соған қарамастан әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңге қаржыны жымқыратын алаяқтар бар, тіпті, аз емес деп айтуға болады. Бұл – мүлде ақылға сыймайтын жағдай. Мұндай кеселді түп-тамырымен жою керек. Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұр, ондай заңсыздыққа тосқауыл қою қажет. Мұндай теріс ахуал экономикаға орасан зор зардабын тигізуде", – деді Президент.

Оның айтуынша, көлеңкелі экономикамен үзілді-кесілді күресу керек. 

"Бұл да – өте өзекті, аса маңызды міндет. Қаржылық мониторинг қызметінің алдында тұрған міндет белгілі: бұл – мемлекет қаржысының тек қана ел игілігіне жұмсалуын қадағалау. Осы маңызды міндеттің сапалы іске асуы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу