Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

915

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілердің игілікті миссиясына табыс тілеп, олардың Мемлекет басшылары мен Үкіметтеріне өзінің сәлемін жолдады.  

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

"Ақорда" резиденциясында өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысына Австралия елшісі Грейм Михан, Кипр елшісі Андреас Зинонос, Конго елшісі Давид Мадука, Мьянма елшісі Ко Ко Шейн сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті шетелдік дипломаттарды қызметтеріне ресми кірісуімен құттықтап, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілердің игілікті миссиясына табыс тілеп, олардың Мемлекет басшылары мен Үкіметтеріне өзінің сәлемін жолдады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу