Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы:
- "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
- "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
- "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына;
- "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу