Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшісін тағайындады

366

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшісін тағайындады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен тағайындалған елшілер:

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу