Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды. 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді", – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желіде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу