Президент Қатар Әмірін құттықтады

210

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар Мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент Қатар Әмірін құттықтады Фото: Ақорда

Президент жеделхатында Қазақстан Қатарды араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізіп, сындарлы және мазмұнды қарым-қатынастың жоғары қарқынмен нығайып келе жатқанын атап өткен.

Сондай-ақ, екіжақты байланыстың ілгерілеуіне Қатар Әмірінің қосқан үлесін ерекше бағалайтынын мәлімдеген.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу