Президент қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салуды тапсырды: Жұмыс басталды ма?

409

Бұл тапсырманың орындалуы утильтөлемдер есебінен қаралмақ.

Президент қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салуды тапсырды: Жұмыс басталды ма? Фото: canva.com

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен дөңгелек үстел отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақпан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу жөніндегі жұмысты жандандыруды, ал Премьер-Министр бір ай мерзімде тиісті жобалардың тізбесін ұсынуды тапсырды. Бүгінде бұл жұмыс әкімдіктермен бірлесіп қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы тапсырманың орындалуы утильтөлемдері есебінен қаралады. Өңірлерді материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту үшін бүгінде сыйақы мөлшерлемесі 3% және утильтөлемінің қаражаты есебінен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" арқылы қарыз беру мерзімі 3 жылдан 15 жылға дейінгі жеңілдетілген қаржыландыру тетігі әзірленді. Жобаларға бөлінетін қаражаттың жалпы мөлшері 3 жылға шамамен 200 млрдтеңгені құрайды", - деді ведомство басшысы.

Ерлан Нысанбаев биылғы ақпан айынан бастап утильтөлемдері есебінен қалдықтарды басқару саласындағы мамандандырылған кәсіпорындарға төлемдер бағдарламасы (ЭкоҚолдау) қайта іске қосылғанын айтты. Бұл мақсатта  биыл субсидиялауға 7,6 млрд теңге карастырылған.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу қажеттігін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу