Президент: Қазақстан әуежайлары транзиттік әлеуетін толық пайдалана алмай отыр

91

Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді. 

Президент: Қазақстан әуежайлары транзиттік әлеуетін толық пайдалана алмай отыр Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының пікірінше, негізгі әуежайларда толыққанды авиахаб қалыптастыру өте өзекті мәселе, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Әр әуежайдың бәсекеге қабілетті тұстарын айқындап, жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Қазір транзиттік карго-трафиктің қосымша құны төмен болып тұр. Жүк тасымалдаушылар көбіне жанармай құю немесе техникалық қажеттілік үшін ғана тоқтайды. Біздің әуежайлар жүкті тиеп-жөнелтуге, жинақтауға аса құлықты емес. Себебі елімізде инфрақұрылым дайын емес. Соның салдарынан транзиттік әлеуетімізді толық пайдалана алмай отырмыз. Осыған орай арнайы экономикалық аймақтардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуіміз керек. Ұсынылатын жеңілдіктер әрбір хабтың ерекшелігіне қарай жасалуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу