Президент: Қазақстан экспорт десе алдымен мал шаруашылығын дамытуы керек

1058

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша Қазақстанның тамақ өнімдерін тасымалдау географиясын шама-шарқынша ұлғайтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Президент: Қазақстан экспорт десе алдымен мал шаруашылығын дамытуы керек

"Былтыр Қазақстан халықаралық Али баба платформасына үздік 100 экспорттаушыны шығарды. Ол жайлы біздің Сауда және интеграция министрі тиісті баяндама жасаған болатын. Осылайша, Қазақстан тауарларының 4 мыңға жуық түрі әлемдік нарықтарға шықты. Шекаралар жабылып жатса да, біз экспорттық ағымдарды қайта құрылымдай алдық. Мәселен, миялы майды өндіретін отандық өндірушілері өз өнімін Катар мен АҚШ-қа экспорттау мүмкіндігіне ие болды. Біз сонымен бірге мұздатылған етті диверсификациялап, Қытай мен Орталық Азия, Таяу Шығыс елдеріне жөнелте бастадық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында.

Президенттің айтуынша осы жолмен Қазақстанның тамақ өнімдерін тасымалдау географиясын шама-шарқынша ұлғайта беру керек.

"Жалпы мал шаруашылығының сапалы әрі экологиялық тұрғыда таза өнімін экспорттау – біздің негізгі басымдығымызға айналуы керек. Отандық өнімдердің халықаралық деңгейде мойындалуына да баса маңыз беру керек. Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мәселені жіті назарына алуы тиіс", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу