Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футболын қаржыландыру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Atameken Business.
Мемлекет басшысының қаулысы бойынша бұл міндеттеме "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына жүктелген.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сөзінше бұл отандық футболды дамытып қана қоймай, ФИФА мен УЕФА тарапынан салынатын санкциялардың да алдын алмақ.
Жоба аясында ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасындағы футбол, футзал және пляждағы футбол сияқты спорт түсрелінен өтетін халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік тумақ.
Еске сала кетейін Қазақстан Футбол Федерациясының шешімімен елдегі клубтар үшін премьер-лига ойындарына қатысу жарнасы 50 млн теңгеге дейін көтерілген. Сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің спортшылары легионер болып есептелмейді.