Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру өкіміне қол қойды

663

XXХІI сессия 26-27 сәуір аралығында Астанада өтеді.  

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру өкіміне қол қойды Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір аралығында Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу