Президент "Қазақстан" шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды

572

Өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Президент "Қазақстан" шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды

Мемлекет басшысы "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ, зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізуді тапсырылды.

Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу