"Барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз — біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!" деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        