Президент қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды

1484

Алдағы 10 жылда әлемде су тапшылығы болуы ықтимал.

Президент қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы 10 жылда жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отырғанын атап өтті.

"2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40% жетуі мүмкін. Сондықтан біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшіруіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс", - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу