Президент Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты пікір білдірді

963

Оның пікірінше, шегенделген шекара – Қазақстанның аумақтық тұтастығының кепілі.  

Президент Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа елдерімен байланысты нығайта түсетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы айтулы жетістік екенін атап өтті.

Оған қол жеткізу үшін 20 жыл бойы табанды жұмыс атқарылды. Келіссөздерге қатысқан қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалаймын. Мен оларды мемлекеттік наградалармен марапаттайтын болдым", – деді Президент елордада өтіп жатқан Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев шегенделген шекара – Қазақстанның аумақтық тұтастығының кепілі екенін атап өтті.

"Стратегиялық серіктестіктеріміз – Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен достық қарым-қатынасымыздың мызғымас негізі. Қазақстан АҚШ және Еуропа Одағы елдерімен стратегиялық байланыс орнатты. Бұл мемлекеттер – біздің инвестиция, сауда саласындағы әріптестеріміз. Біз көпжақты сарабдал дипломатияны берік ұстанып келеміз", – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу