Президент Қазақстанның Түркиядағы елшісін тағайындады

694

Президент Қазақстанның Түркиядағы елшісін тағайындады

Мемлекет басшысының жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Наталья Артемовна Коржова зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу