Президент "Қазақтелеком" басшысына интернеттің сапасын арттыруды тапсырды

638

Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады.  

Президент "Қазақтелеком" басшысына интернеттің сапасын арттыруды тапсырды

Қазақстан Президентіне ауылдық елдімекендердегі талшықты-оптикалық желі байланысының құрылысына қатысты ірі жобаның жүзеге асырылуы жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұл жоба жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі айналымды азайту мақсатында тауарларды таңбалауды енгізу барысы туралы мәлімет берілді.

Бұл жобаға "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы операторлық етеді.

Мемлекет басшысы компания жұмысының нәтижелеріне оң баға берді.

Сонымен қатар халыққа және бизнеске жаңа цифрлық қызметтерді ұсыну, интернет пен ұялы байланыстың қолжетімділігін кеңейту және сапасын арттыру, сондай-ақ өзге байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу