Президент "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

498

Мемлекет басшысы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Президентке ұлттық пошта операторының даму стратегиясы таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.  

Президент "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады Фото: akorda.kz

Әсел Жанасованың айтуынша, қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және қаржылық қызметтердің рөлін күшейту, қолданыстағы инфрақұрылымдар базасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ электронды коммерция мен халықаралық сәлемдемелерге баса мән бере отырып, дәстүрлі пошта бизнесінің тиімділігін арттыру басым бағыттар болады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнеске ауылдың әрбір тұрғынына қызмет көрсету және тауар жеткізу мүмкіндігін беру үшін компанияның инфрақұрылымын, логистикалық және бөлімшелік желісін дамытуға қатысты жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына назар аударып, аталған бағыттар жөніндегі стратегияны жүзеге асыру ісін жалғастыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу