Президент: Киікті қырған қаскөйлер қатаң жазаға тартылуы тиіс

1037

Мәліметке сай, олар 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін шекара асырмақшы болған.  

Президент: Киікті қырған қаскөйлер қатаң жазаға тартылуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарын киікті заңсыз қырған қаскөйлердің әрекетіне тоқтау салуға шақырды.

"Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек" – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасына.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен тасымалдаған қылмыстық топты ұстағанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу