Президент қаскөйдің қолынан мерт болған полицейді "Айбын" орденімен марапаттады

1028

Қостанайда тәртіп сақшысы қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды.

Президент қаскөйдің қолынан мерт болған полицейді "Айбын" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметін атқару кезінде көз жұмған қостанайлық полиция қызметкерін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградтады. Президенттің сәйкес Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Еске сала кетсек, қостанайлық полицей қызметін атқару кезінде көз жұмған болатын. Тәртіп сақшысы отбасын қырып салмақ болған қаскөйдің қолынан қайтыс болды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, "102" пультіне Тобыл қаласының тұрғыны хабарласып, Комсомольский көшесіндегі үйде отбасылық жанжал туындағанын айтқан. Оқиға орнына жеткен құқыққорғаушылар 28 жастағы үй иесінің өз отбасын пышақтап өлтірмек болғанын анықтады. Тұтқындау барысында күдікті полицейлерге қарсылық танытып, біреуіне пышақ сұғып алған. Жарақат алған Дархан Базарбаев оқиға орнында жантәсілім етті. Марқұмның артында 4 айлық сәбиі қалған.

Қазір күдікті қамауға алынған. Үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу