Президент қоғамдық кеңестердің қызметіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

765

Заңның басты мақсаты - Қазақстандағы қоғамдық кеңестер институтын одан әрі дамыту, азаматтық қоғамды барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына тарту тетіктерін жетілдіру.

Президент қоғамдық кеңестердің қызметіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Түзетулермен қоғамдық кеңестердің нормативтік құқықтық актілері мен өтініштерін олардың басымдығы мен қоғамдық маңыздылығына сәйкес қарау, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің құқық қорғау органдары басшыларының ақпараттарын тыңдау туралы шешімдерін қабылдау құқығын беру арқылы олардың өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу