Президент көппартиялы парламентті қолдайды

712

Бұл туралы Мемлекет басшысы мәжіліс және мәслихат депутаттарына дауыс бергеннен кейінгі сұхбатында айтты. 

Президент көппартиялы парламентті қолдайды

"Бүгін еліміз, халқымыз үшін өте ерекше күн. Себебі сайлау деген кез келген елдің өміріндегі өте маңызды оқиға. Біз бәріміз ұлт болып, халық болып бүгін дауыс беріп жатырмыз. Бұл сайлау халқымыздың одан ары дамуына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Жалпы парламентке неғұрлым көп партия кірсе, еліміздің болашағы үшін соғұрлым жақсы болады деп үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сайлау  әділ өтеді деп ойлайтынын жеткізді.

"Тағы бір ең маңызды мәселе, Парламенттің негізгі міндетті – сапалы түрде заң қабылдау. Қазақстан үшін сапалы заңнама жүйесі қажет. Біздің елімізде сапалы заңнама жүйесі болса, бұл елімізге де, халқымызға да пайдалы болар еді. Сапалы заң болмаса, кемшілік көп болады. Сондықтан бәріміз осы мүмкіндікті пайдаланып, дауыс беруміз керек", – деп қорытты сөзін Мемлекет басшысы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу