Президент Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге қолдау көрсетілетінін айтты

981

7 ақпан күні Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болды.    

Президент Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге қолдау көрсетілетінін айтты

Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Қазақстан Президенті Twitter парақшасында осылай деп жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім – елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету", – деп мәлім етті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік орган қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады.

"Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!", –  деп жазады Мемлекет басшысы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу