Президент қорғаныс министрін қабылдады

819

Президент қорғаныс министрін қабылдады

Мемлекет басшысына еліміздің қарулы күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев қарулы күштерді жасақтау қарқынды жүргізіліп келе жатқанына тоқталып, бұл жұмысты жалғастыру қажеттігін айтып өтті.

"Қыста да, жазда да әскери оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Әскеріміздің соғысқа қабілеттілік деңгейі жоғары. Тәртіп жақсарғаны байқалады", – дейді елбасы.

Президент әскерді қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерімен қайта жарақтандыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, еліміздің аумақтық қауіпсіздігі мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту мәселесіне назар аударды.

Сәкен Жасұзақов мемлекет басшысына әскердің соғысқа қабілеттігі деңгейін, Қазақстан әскері қатарындағы тәртіп пен жинақылықты сақтау шараларының атқарылу барысы туралы мәлімдеді.

"Бүгінде қарулы күштер қатары 93% жасақталды. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіш 2015 жылы 89% болған еді. Қазіргі уақытта офицер, сержант және қатардағы сарбаз құрамдарын жасақтау үшін әскерге келісімшарт бойынша шақыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Мерзімді әскери қызмет қатарына алынатындар санын арттырдық. Биыл әскердің барлық түріне 34 мыңға жуық мерзімді әскери қызметшіні шақыру жоспарланып отыр", – дейді қорғаныс министрі.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысында бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу