Президент көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

746

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Президент көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

"Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты. Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады, – делінген Президенттің жеделхатында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу