Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында футболдан Қазақстан Республикасының Президенті Кубогі үшін жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир басталды, деп жазады Prosports.kz.
Турнирдің алғашқы ойыны Армения – Қазақстан-2 арасында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталған еді.
Ал екінші матчта Қазақстан-1 мен Қырғызстан U-17 құрамалары кездесті. Бұл ойында алаң иелері айыр қалпақты ағайындарды аяған жоқ. Қорытынды есеп 8:0 болды.
Қазақстан -1 (U-17) – Қырғызстан U-17 8:0 (4:0)
Гол соққандар: 1' Ғалымжан Кенжебек, 21' Данил Анкудинов, 37' Ғалымжан Кенжебек(3:0), 45' Құрманбек Нұрланбеков (автогол), 55' Асқар Сатышев(5:0), 59' Данияр Дулатов, 73' Муроджон Халматов, 82' Вадим Яковлев(8:0)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу