Бүгін Астанада бокстан ҚР президенті кубогының финалдық айқасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Финалдық айқасқа алғашқы болып 51 келі салмақта қыздар арасынан Назым Қызайбай мен Жайна Шекербекова шықты. Аса тартысты өткен бәсекеде әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай қарсыласынан мықты екенін дәлелдеп, ҚР президенті кубогының алғашқы алтын медалін қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР президенті кубогы 13 салмақ дәрежесі бойынша (10 ерлер арасында және 3 әйелдер арасында) өтуде. Қазір бокс жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу