Президент құқық қорғау саласындағы оқу орталықтарының саны қысқаратынын айтты

1021

Президент құқық қорғау саласындағы оқу орталықтарының саны қысқаратынын айтты

Мемлекет басшысының сөзінше, елімізде құқық қорғау саласының мамандарын даярлайтын 10-нан астам оқу орны бар. Президент олардың санын қысқартып, тек 5-еуін ғана қалдыруды тапсырды. Ал үнемделген қаржыны тәртіп сақшыларының еңбекақысын арттыруға бағыттау керек екенін айтты. Егер еңбекақыны көбейтуге тағы қаржы қажет болса, қосымша қарастыруға болатынын жеткізді. 
"Батыс елдерінде тәртіп сақшысын 6 айдың ішінде оқытып, даярлап шығарады. Алдымен заңды, сосын адамдармен қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді. Болды. Ал біз бір маманды даярлау үшін 5 жыл жұмсаймыз. Сондықтан полиция қызметіне заңгерлерді тарту керек", – деді президент жолдауында.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу