Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

199

Бұл туралы Ақорданың баспасөзі мәлім етті.  

Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға "Әділет" партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, "Respublica" партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу