Президент квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді

1789

Бұл шешім мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқартуға және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау үшін қабылданып отыр.

Президент квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Мораторий мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында енгізілген.

"2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін", – делінген құжатта.

Олардың қатарына қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елдімекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар; жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар кірмейді.

Сондай-ақ, жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер), Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғалар қосылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу