Президент квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторийді бір жылға ұзартты

1019

Қасым-Жомарт Тоқаев мораторийді ұзарту туралы 11 желтоқсанда "Алтын сапа" сыйлығын тапсыру рәсімінде жариялады.

Президент квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторийді бір жылға ұзартты Фото: inform.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға арналған мораторийді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты, деп хабарлады дүйсенбіде мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қаулыда "Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"1.  2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:" деп жазылған.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Биыл квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға арналған мораторий аяқталуға жақын. Мен оның мақсаттары әлі толық орындалмай жатыр деп санаймын. Сондықтан менің жарлығыммен бұл мораторий келесі жылдың соңына дейін ұзартылады", – деді сол кезде Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу