Президент Қытай басшысымен кездескенде неге аракідік қытайша сөйлесіп кететінін айтты

195

"Менің студенттік өмірінің ең бір жарқын сәттері мен дипломат ретіндегі мансабымның бастауы Қытаймен байланысты".

Президент Қытай басшысымен кездескенде неге аракідік қытайша сөйлесіп кететінін айтты Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстандағы сапары қарсаңында СИНЬХУА агенттігіне берген сұхбатында Қытайдағы студенттік шағын жылы лебізбен еске алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Шынымен де кейде әңгіме арасында әріптесіме аса маңызды мәселелер туралы ойымды барынша нақты жеткізу үшін немесе күнделікті өмірдің қызықты тақырыптарын талқылау үшін қытай тіліне ауысып жатамын. Менің студенттік өмірінің ең бір жарқын сәттері мен дипломат ретіндегі мансабымның бастауы Қытаймен байланысты. Жалпы есептегенде мен Қытайда 8 жыл өмір сүрдім. Осы уақыт ішінде мен қытай мәдениетіне, тарихына, тілі мен дәстүріне терең бойлап, қытай асханасының бай мұрасы мен алуандығын таныдым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент екі ел басшыларының жеке таныстығы арадағы әріптестіктің тереңдетуге ықпалын тигізіп жатқанын да айтты.

"Мен кейінгі жылдары Қытайға үш рет сапарлап қайттым. Оның ішінде "Орталық Азия – Қытай" саммиті / 2023 жылдың мамыр айы, Сиань қ./, "Бір белдеу, бір жол" үшінші жоғары форумы /2023 жылдың қазан айы, Бейжің/, Баодағы Азия форумы /2024 жылдың наурыз айы, Хайнань пров./ сияқты маңызды шаралар да бар. Жеке байланыстардың әріптестігімізді тереңдетуге және екі мемлекеттің қарым-қатынасында жаңа көкжиектер ашуға серпін беретіні сөзсіз. Осы жылдарда екі арада қалыптасқан достық пен сенімге құрылған қарым-қатынас жаңа үлкен мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік ашады", - деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу