Президент Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды

508

Тоқаев Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады.

Президент Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында ҚХР Өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады.

"Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады", – делінген Ақорда таратқан мәліметте. 

Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу