Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары барысында Тяньаньмэнь алаңында орналасқан Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қойып, қытай халқының ХІХ және ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық күресі барысында құрбан болған перзенттерінің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Монумент 1840 жылғы Бірінші апиын соғысынан бастап 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейінгі кезеңдегі Қытай революциялық қозғалысының тарихынан сыр шертетін оқиғаларға арналған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу