Президент Қытайдың мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады

717

ҚХР мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Қазақстанға алғаш рет сапармен келгенін атап өтіп, біздің еліміздің жақсы әсер қалдырғанын айтты. 

Президент Қытайдың  мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Хань Чжэнді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Хань Чжэннің Қазақстанға сапары екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

"Қытаймен тату қарым-қатынас орнату Қазақстанның сыртқы саясатындағы ең маңызды басымдықтардың бірі. Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар өзара пайдалы әрі тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісін көрсетеді. Қытай – Қазақстанның ірі сыртқы сауда әріптесі. Екіжақты сауда-саттықтың ауқымы қарқынды өсіп келеді", – деді мемлекет басшысы.

ҚХР мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Қазақстанға алғаш рет сапармен келгенін атап өтіп, біздің еліміздің жақсы әсер қалдырғанын айтты. 

"Қазақстан тәуелсіздік жылдары тұрақты дамып келеді. Ел экономикасы өсуде. Өзара қарым-қатынастарымыздың дамығанына ризашылық білдіреміз", – деді Хань Чжэн.

Кездесу барысында Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын жүзеге асыру, Қазақстан ауыл шаруашылығының органикалық өнімдері экспортының  көлемін арттыру, трансшекаралық өзендерді пайдалану және туризмді дамыту мәселелері қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу