Президент: Қыз ұрлау – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел жабайы қылмыс

144

Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс.  

Президент: Қыз ұрлау – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел жабайы қылмыс Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз. Бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел жабайы қылмыс. Мұндай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп – бәріне ортақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент Шымкентте бойжеткеннің өліміне қатысты Бас прокуратураға тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу