Президент Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындады

1147

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындады

Гүлшара Әбдіқалықованың орнына Н.М. Нәлібаев тағайындалды.

"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – деп жазылған Президент Жарлығында.

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. 

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (1997) "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша; Қызылорда гуманитарлық заң университетін (2003) "Заңғылымы" мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орысжәне ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

"Нұр Отан" ХДП мүшесі (2006 жылдан).

1997 жылдан – "Қазақойл-коммерция" ЖШС мұнай өндіру бойынша сарапшысы.

1998 жылдан – "Бұлақ" ЖШС директорының орынбасары.

1999 жылдан – "Стандарт Ойл Бейс" ЖШС директоры.

2001 жылдың наурызынан – "Стандарт Ойл" ЖШС директоры.

2001 жылдың кыгжуйегінен – "Станлаот Ойл Трейдинг" ЖШС директоры.

2002 жылдан – "Харрикейн Ойл Продактс" ЖАҚ Қызылорда филиалының директоры.

2002 жылдың қазанынан – "Қызылорда Мұнай Сервис" ЖШС бас директоры.

2005 жылдың тамызынан – Қызылорда қаласы әкімінің орын- басары, қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

2005 жылдың қазанынан – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылдан – Қызылорда облысының әкімі аппаратының жетекшісі.

2008 жылдан бері – Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі. Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы "Нұр Отан" ХДП филиалының төрағасы (2008 жылдан).

Әскери атағы – аға лейтенант.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу