Президент лауазым иелері мен мемлекеттік қызметшілерге шетелге іссапарға шығуға тыйым салды

1100

Мемлекет басшысы жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді.  

Президент лауазым иелері мен мемлекеттік қызметшілерге шетелге іссапарға шығуға тыйым салды

Ақордада өткен жедел әрекет ету штабының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лауазым иелері мен мемлекеттік қызметшілерге шетелге іссапарға шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сапарларды санамағанда мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғаларға шетелге қызметтік іссапарға шығуға тыйып салынады", - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, бюджеттің шығынға шығатын бөлігін жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағыттаған жөн. Осы ретте Үкіметке тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ең алдымен отандық өндірушілерден тікелей әрі ашық түрде сатып алу жүйесіне өту міндеті жүктеліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу